Жаңалықтар

Сүйінші: Ел қоржынына тағы бір алтын түсті

Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған.