Қоғам

Министр кезекте тұрғандарға үй беру тәртібі жеңілдейтінін айтты

Шарлапаев үй кезегінде тұрған азаматтар өз пәтерлерін 10-15 жылға дейін күтуі дұрыс емес деп есептейді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баспана кезегіндегі қазақстандықтарға үй алуды жеңілдетуді көздейтін түзетулерді заңға енгізуді қарастырып жатқанын мәдімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министр баспана кезегінде тұрған адам қайтыс болған жағдайда үкімет тарапынан қандай шара қолданылатынын айтты. Сондай-ақ ол үй кезегінде тұрғандардың 15 мыңнан астамы дүниеден өткен деген ақпаратқа түсініктеме берді. 

“Баспана кезегінде тұрып, қайтыс болған тұрғындарға тоқталайын. Мұны тексеру керек. Мысалы, егер адам қайтыс болды, бірақ мұрагерлері бар дейік. Заң бойынша оларға үйге иелік ету құқығы беріледі. Бұл енді бөлек талқылайтын мәселе, - деді Қанат Шарлапаев.

Министр тұрғын үй кезегін оңтайландыру бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылап, мәжіліс қабырғасына жібергенін айтты. 

“Біз кезекті басқаруды ұлттық даму институтына беруді жоспарлап отырмыз. Ол – "Отбасы банкі". Қазір бұл нұсқа қызу талқыланып жатыр. Осылайша, банк (тұрғын үй) кезегін басқарумен айналысады. Нәтижесінде бұл кезек толық цифрландырылады. Мысалы, біз тұрғын үй комиссиясынан бас тартқымыз келеді. Олар тұрғындарға баспананы беруді үйлестіріп, тиісті шешімді қабылдап отыр. Біз түсінікті және нақты ережелер болғанын қалаймыз. Мысалы, қабылдайтын түзетулердің бірі – адамдардың 20 жыл кезекте (тұрғын үй кезегі) тұрмауына қатысты. Біз мұндай жағдайдың болғанын қаламаймыз”, - деді министр.

Шарлапаев үй кезегінде тұрған азаматтар өз пәтерлерін 10-15 жылға дейін күтуі дұрыс емес деп есептейді. Сол себепті алдағы уақытта баспана кезегінде тұрғандарға үй беру тәртібі жеңілдеуі мүмкін екенін айтып өтті. 

“Түзетулердің бірінде жеңілдік берілетін келесі құрамға өтпес бұрын бір жыл ішінде басымдық берілген барлық топ бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етілуі керек деп жазылған. Біріншіден, бұл кезек санының төмендеуін көздейді. Екіншіден, кезекті бөлу принципі мен үйді тезірек алу маңызды. Себебі адамдар өз пәтерлерін 10-15 жыл күтпеуі керек”, - деді Қанат Шарлапаев.