Базарбектің талабы: Тұрысов саботаж жасаған әкімдердің атын атауға батылы бармады
Цифрландыруға кедергі келтіргендер кімдер
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Әсет Тұрысовтан цифрландыруға кедергі келтіріп отырған әкімдердің атын атауды талап етті, деп ulysmedia.kz- ке сілтеме жасап Taulik.kz хабарлайды.
«Кейбір облыс және қала әкімдіктері цифрландыруға кедергі жасап отыр. Орысша айтқанда саботаж жасайды. Олар ақпаратты бермейді, уақытты созады. Тіпті кейбір ақпаратты жасырады. Ол қай облыстар? Нақты облыс әкімдерінің атын атаңыздар. Қорықпаңыз. Біз көмекшіміз. Облыс және қала әкімдерінің аты-жөнін атаңыз», - деп талап қойды Базарбек Тұрысовқа.