Жаңалықтар

Беташар, сәлем салу «харам»: Депутат діни басқарманы айыптады

Парламент депутаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын айыптады

Парламент депутаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын айыптады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ұлысмедиа жаңалықтар порталының жазуынша, діни басқармада салғырттық көп екен. Кейбір дүниелерге заңмен тыйым салынуы керек екені айтылды. 

«Діни басқармада солқылдақтық көп. Көп мәселеге келген кезде діни басқарма мүфтиден бастап имамдарға дейін нақты ойын айтудан тайсақтайтын тұстары бар. Сол кезде қоғам әртүрлі сұрақтарға тап болады. Сондықтан, осындай мәселелерге келген кезде біздің діни басқарма белсенді рөл атқаруы керек. Нақты ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі Исламның құндылықтарын сақтап, жат ағымдарға бой бермейтін, ғасырлар бойы қалыптасқан Ислам мәдениеті негізінде дін қызметкерлері дұрыс жұмыс істеуі керек», - деді депутат Мәжіліс кулуарында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Депутаттың өзі теріс ағымдар тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп ата жолынан адастыруға тырысып, тамырымызға балта шауып жатыр деп есептейді. Премьер-министр сол себепті депутаттық сауал жолдады. Үкімет нақты қадамдар жасауы керек деп мәлімдеді.

«Танымымыз тарылып, нанымымыз лайланып, қоғамның түсінігі қырыққа бөлінуде. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз әлдеқашан келді. Үкімет осыны ойлап нақты қадамдар жасау тиіс. Сөзімнің түйіні! Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды.», - дейді депутат.