Еліміздегі теріс діни ағымдар Назарбаевтың ымдауымен келген - Ермұрат Бапи
Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи теріс діни ағым өкілдеріне наразылығын білдірді
Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи теріс діни ағым өкілдеріне наразылығын білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Жиналыстан кейін журналистер Ермұрат Бапидің айтқан пікіріне қатысты түрлі сауалдар қойды.
“Оған дәлелдің алыстан іздеп қандай қажеті бар? Кешегі Қазақстанда пайда болған, қазір дамып, өркендеп діни емес, саяси күшке айналған уахабизм, салафизм идеясының негізгі қолдаушылары, дем беріп қаржыландырушылары Қайрат Сатыбалды болды. Мұны жұрт айтып жатыр ғой. Бұдан артық қандай дәлел керек? Ал Қайрат Сатыбалды өзінің ағасының, яғни “Ескі Қазақстанның” қолдауынсыз ешқандай батыл шараға бармайды. Сондықтан да қоғамда осындай пікір бар.
Жалпы Қазақтандағы теріс діни ағымдар шамамен 2002-2004 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың ишарасы, ымдауымен келген. Себебі уахабизмде “Патшаға қарсы шықпау керек” деген сөз бар ғой. Осының өзі жеке дара билікті қолдаудың құралы ретінде пайдаланылды. Сондықтан да қазір Қазақстанды діни негізде бөлшектеу басталып кетті. Мына жақтан салафизм, уахабизм шықты және екінші жақтан құраниттер қазақ халқын ұлттың деңгейде біріктірмеуге күш салды. Діни негізде бөлшектеп жіберіп жеке дара билік жүргізудің идеологиясын жасады”, - деді ол.