ҰҚК ірі қылмыстық топтар ұсталған орындарды айтты
Қылмыстық топтар шетелмен шекаралас облыстарда тәртіп бұзған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталған орындар туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бүгінде қамауға алу шаралары бір уақытта Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіліп жатыр. Іс-шараларға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ қос ведомствоның арнайы жасақтары мен құралдары қатысты.
Ұсталған қылмыстық топтар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас облыстарында сәйкесінше Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында заңсыз әрекеттер жасаған.