Үйінде зорлық-зомбылық көрсететін полицейлер жазаланбақ
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үйінде зорлық-зомбылық көрсететін полицейлер қызметтен қуылатынын мәлімдеді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үйінде зорлық-зомбылық көрсететін полицейлер қызметтен қуылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
"Егер өтініш келіп түссе, егер оның (ІІМ қызметкерінің – ред.) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны расталса, ол ішкі істер органдарынан босатылады. Заң алдында бәрі тең. Мұндай жағдайлар болды, мен оны жасырмаймын. Бірақ қазір біздің ұстанымымыз осындай – егер сіз қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған болсаңыз, онда жалпы негізде жауап беруіңіз керек. Жалпы, ІІМ саясаты қазір осындай – күмәнді қызметкерлерден арылып жатырмыз", – деді Игорь Лепеха.
ІІМ басшысының орынбасары жаңа заң жобасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары тап болатын барлық жағдайлар қарастырылатынына сендірді.«Мынаны түсінуіміз керек: біздің еліміз, біздің жеріміз өте үлкен аумақты қамтиды. Бізде оңтүстік пен солтүстіктің, шығыс пен батыстың менталитеті бір-біріне ұқсай бермейді. Осы өңірлердің жастары бір-бірімен отбасы құрады. Әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі ұстанымда болады. Олар отбасы болып қалыптасқанша, ұрыс-керіс те орын алады. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Әр ыдыс-аяқ сынған сайын күйеуін апарып қамап тастайтын болсақ, көпшілігі қайтадан отбасы бола алмай, қосылмай кетеді», - деді ол.