Жаңалықтар

Қытай билігі қазақтарды қудалауды күшейтуі мүмкін

Қытайдағы қазақтардың жағдайы не болмақ?

"Қазақстан мен Қытай арасында азаматтар жайлы мәлімет алмасу" туралы қауесеттен белсенділер қауіптеніп отыр. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.

Азаттық радиосының сөзінше, Қытайдағы қазақтардың құқығын қорғаумен айналысатын белсенділердің сөзінше, келісім Қытай билігінің Шыңжаңдағы қазақтарды аңдып, қудалауын күшейтуі мүмкін.

Қыркүйек соңында Radio Free Asia құқық қорғаушыларға сүйене отырып, құжат "Қазақстанды Шыңжаңдағы аз ұлттар үшін қауіптірек етеді және Қытайда қуғыннан қашпақ болғандардың ахуалын онан сайын қиындатады" деп жазды.

"Олар Қазақстан азаматы болғысы келсе, Қытай жағының рұқсатын алуы керек болады. Бұған қоса, Қазақстан билігі Қытай үкіметі сұрау салса, Қытайдан қоныс аударып, Қазақстан азаматтығын алғандарды еліне қайтаруға міндеттелді" деді "Атажұрт" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтхан аталған сайтқа.

Taulik.kz