Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның жері екенін мойындады
Таулы Қарабақ ресми түрде Әзірбайжан жері болмақ
Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп мойындады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Арменияның премьер-министрі Пашинян Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп мойындап, құжатқа қол қойды. Құжат Гранададағы (Испания) Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті аясында бекітілді.
ЕО сайтында жарияланған декларацияға сәйкес, қазір Әзірбайжанның аумағы Таулы Қарабақпен қосқанда 86,6 мың км шаршы метрді, ал Арменияның ауданы 29 800 шаршы метр км-ді құрайды. Құжатқа Пашиняннан басқа Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц қол қойды. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев бұған дейін бұл кездесуге қатысудан бас тартқан болатын.