Смайылов Назарбаев атындағы білім мекемелеріне басшылыққа тағайындалды
Бұған дейін кеңес басшысы қызметін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарған.
Әлихан Смайылов Назарбаев атындағы мектеп, университет және қордың жоғары кеңесінің басшысы атанды,деп хабарлайды Taulik.kz.
Одан басқа кеңес құрамына кіргендер:
- Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- Премьер-министрдің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
- Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев;
- Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
- Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми.
Бұған дейін кеңес басшысы қызметін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарған.
Taulik.kz