Жаңалықтар

Қазақстанда енді университеттер тегін бола ма?

Қазіргі таңда 40%-дан астам мектеп түлегі жоғары оқу орнына грант иегері атанып түседі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы жылға қойылған жоспармен бөлісті, деп хабарлайды, Taulik.kz.

Журналистер Саясат Нұрбек мырзадан еліміздегі жоғары білімді тегін қылу мәселесі көтерілмейтінін ашып айтты.

"Біз 15 жылға арналған болжаммен жүргізіп отырған есептеулер әзірге бізде мұндай мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді", - деді министр.

Қазіргі таңда 40%-дан астам мектеп түлегі жоғары оқу орнына грант иегері атанып түседі. 

"Гранттар саны қысқармайды, ұлғаяды. Бірақ демографиялық өсім көп, бұл гранттар жоғары оқу орындарына жоғары қолжетімділікті сақтау үшін жеткіліксіз болады. Қазір бізде ересектердің шамамен 62%-ы жоғары біліммен қамтылған. Иә, құлдырау бар. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 80%-ды құрайды. "Келешек" бағдарламасы – жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтудің қосымша тетігі", - деді ол.