ШҚО білім беру мекемесі 1,7 миллионға дөңгелек сатып алмақ болған
Алайда мұндай дөңгелектердің орташа бағасы 30-80 мың теңге аралығында.
Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемесіне мемлекеттік сатып алу арқылы 680 мың теңгеге дөңгелектер сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі YK-news.kzбасылымына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көмегімен 2,2 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі КМК 420 мың теңгеден жеңіл автомобильге арналған шиналарды сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды.
"Төрт дөңгелек бір миллион 680 мың теңге болар еді. Алайда мұндай дөңгелектердің орташа бағасы 30-80 мың теңге аралығында. Біздің ұсыныстарымыздан кейін бағалар қайта қаралып, бір миллион 230 мың теңге үнемделді. Үнемделген қаражатқа олар осы колледждің автобусына қосымша қосалқы бөлшектер сатып алады", - дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шәкенов.