Жаңалықтар

Түкіргенім бар: Орыс тіліндегі түбіртекті талап еткен әйел желіні шулатты

Кадрларда әйел дөрекі дауыспен ешкімге міндетті емес екенін айтады.

Түбіртекті орыс тілінде сұраған әйелдің видеосы желіде желдей есті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Кадрларда әйел дөрекі дауыспен ешкімге міндетті емес екенін, “салық төлегендіктен, орыс тілінде түбіртек талап ете алатынын” айтады,

“Мен салық төлеп отырмын ба – түбіртек те маған өз тілімде берілуі керек. Конституцияда орыс және қазақ тілінде деп жазылған. Кімнің не дейтініне түкіргенім бар”, – дейді роликтегі әйел.

“Ол өзін Ресейде тұрғандай сезінеді. Тәуелсіздік алған 32 жылдың ішінде кейбір адамдар қазақша оқуды да үйренбеген. Бұл біздің тіл саясатының “жемісі”, – дейді жарияланым авторы.