Жаңалықтар

5 жасар қыздың өліміне кінәліні жеңіл жазалаған төраға судья боп тағайындалды

Бұған дейін Нұрқазы Шетенов өз еркімен отставкаға кетуге өтініш жазған еді.

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне кінәліні жеңіл жазалаған сот төрағасы “судья” боп тағайындалды. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады.

Бұған дейін Нұрқазы Шетенов өз еркімен отставкаға кетуге өтініш жазған еді. Алайда Жоғарғы сот оны қызметінде қалдырған.

Мұнымен қоса ол Тоқаевтың жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, осы соттың “судьясы” боп тағайындалды.

13 шілдеде Сарыағаштағы Жібек ауылында 5 жасар қыздың жансыз денесі табылды. Осыдан кейін оқиғада күдікті деп Сайдолим Ғаибназаровқа тым жеңіл жаза тағайындағаны үшін аудандық соттың төрағасы Нұрқазы Шетеновтің басы дауға қалған еді. Ол мамырда ауылдасына балтамен шабуылдаған Ғаибназаровты 3 жылға түрмеге кескен. Кейін пробациялық бақылауға алып, босатып жіберген.

Taulik.kz