Домбыра харам ба: Бас мүфти шын жауап берді
Әлеуметтік желілерде ұлттық аспаптар харам деген қауесет тараған болатын.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы домбыра харам ба деген сұраққа жауап берді.
Тағанұлының айтуынша, исламда домбыра және басқа да ұлттық музыкалық аспаптар харам емес.
"Біз бірнеше рет Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне домбыра мен басқа да ұлттық музыкалық аспаптар шырқалған іс-шаралар өткіздік", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.