Жаңалықтар

Мұғалімдерді аттестациялау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды.

Министрлік аттестациялау жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Педагогтердің білім деңгейі бойынша жеке лауазым санаты үшін бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштері әзірленді.

 

Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері сабақты бақылаудың автоматтандырылған түрін әзірлеп, оны сабақ барысында сынақтан өткізіп көрді.

"Атестатталатын педагог платформадағы өзінің жеке кабинеті арқылы аттестациядан өтуге өтінімді өз бетінше бере алады, мұнда интеграциялық әдіс қолданыла отырып, мұғалімнің жеке деректері, білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы, олимпиадалар мен жобалардағы нәтижелері, біліктілікті арттыру курстары, ПББ нәтижелері және т.б. ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Педагогтің кәсіби шеберлігі тек оқытылатын пәні бойынша және ол өз санатын модератор мен сарапшы дәрежесіне көтеруге өтініш бергенде ғана бағаланатын болады. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес, педагогтің жоғары кәсіби деңгейі мен табысты қызметі оқушыларының жетістіктеріне тікелей байланысты болмақ", - деді орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.