Жаңалықтар

Грантта оқыған түлектерге шетелге кетуге тыйым салынуы мүмкін

“Себебі біз бұлай қаржыны оңды-солды шаша алмаймыз”

Депутат Фарид Әбітаев енді елімізде грантта оқыған түлектерге оқуды бітірген соң шетелге кетуге тыйым салуды ұсынды. 

“Шын мәнінде, біздің зияткерлік меншік жоғалып жатыр. Егер мемлекет оқыта тұра шетелге маман боп кетсе, онда игерілген қаражатты қайта қайтаратындай талап қойылуы керек. Егер бұл сауал облысытың аймақта шешілмесе, мәжіліске хат жолдау керек. Себебі біз бұлай қаржыны оңды-солды шаша алмаймыз”, – деді Фарид Әбітаев.