Қоғам

Түркістан облысында пациент дәрігерді пышақтап тастаған

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған пациентті ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Куәгерлердің айтуынша, ол ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарған.

«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.