Қазақстанда жетім балаларға арналған инновациялар пайда болмақ
Отбасы институты заңнамалық негізде пайда болмақ
Қазақстанда жетім балаларға арналған инновациялар пайда болады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Нақтырақ айтсақ, патронаттық кәсіпқой отбасы институты заңнамалық деңгейде пайда болады.
30 бен 53 жас аралығындағы патронаттық отбасылар жетім балаларды қабылдап, оларға балалар үйінде тұрмауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте мұндай отбасыларда бала саны 4-тен аспауы керек. Ал жетім балаларды қабылдау алдында бүкіл отбасы психологиялық дайындықтан, әрі қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтуі керек.