Астанада құрылысшылар биіктен құлап, біреуі қаза тапты
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Елордада жұмысшылар биіктен құлап, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 12 қазанда қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Астана қаласының полиция департаменті ақпаратты растады.
Құрылыс алаңында жұмысшылардың құлау дерегі бойынша полиция басқармасы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін 1 жұмысшы оқиға орнында көз жұмып, қалған 3-еуі ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.