Қоғам

Жастарға берілген жалдамалы пәтерлер жастарда қала ма?

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр Дәулет Мұқаев ұсыныстарына жауап берді

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттық сауалында жастарға берілген жалдамалы пәтер мәселесін көтеріп, ұсыныс білдірген болатын. 

Депутат Мұқаевтың сөзінше, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтаған. Бұл аудан халқымен парапар екенін ескерсек, назар аударарлық мәселе болып отыр.

“Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір. Екіншіден, жастар саясаты туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өсті. Сәйкесінше үй алған жастар бүгін де жастар санатынан шықпады. 5 жылда балалы болған жастар қаншама? Шеттей бала-шағамен қайда бармақ? Ал, елде жастарға арналған бірыңғай мемлекеттік баспана бағдарламасы жоқ. Үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған. Төртіншіден, бүгінде елде баспана алуға тиімді бағдарлама жоқтың қасы. Мен бұл мәселені 1 сессияда да көтерген едім. "7-20-25" аты бар заты жоқ бағдарлама, ал Отбасы банк арқылы 50% бастапқы жарна жинау 5 жылда мүмкін де емес! 2019-2020 жылдардан бері нарықтағы үй бағасы 2 есе өскен. Көп қайда болса, шындық сонда демекші жастардың назына назар аударалық”, – деп жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды сұраған болатын.

Дәулет Мұқаевтың депутаттың сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр жастарды баспанамен қамту үшін 10%-дық бастапқы жарнамен сатып алуға мүмкіндік беру мәселесін мақұлдамады. Оның орнына биылғы жылы Отбасы Банкіне жергілікті бюджеттен 39 млрд теңге бөліп, тұрғын-үймен қамтамасыз ету бағдарламаларын басқа өңірлерде де (Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында) қамтымақ.