Жетісу облысында жол ортасында отырған адамды көлік басып кетті
Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады
Жетісу облысы Алакөл ауданында 14 қазанға қараған түні жол ортасында отырған адамды көлік байқамай басып өткен, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ресми дерек бойынша, оқиға Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің қатысуымен орын алған. Анықталғандай 41 жастағы көлік жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ер адамның түн жарымында тас жолда қандай мақсатпен отырғаны анықталуда.
Аталған оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.