Жаңалықтар

72 жастағы қазақстандық зейнеткер Ыстамбұлға жаяу жеткен

Ұлытау облысының зейнеткері Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралап, Ыстамбұлға жетті

Ұлытаулық 72 жастағы зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев 2 тамызда әлемді аралауды бастап, Қазақстаннан Ыстамбұл жағалауына жеткен, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ол өзінің Instagram-парақшасында Түркияға жаяу жеткен видеосымен бөлісті.

"Мен Ыстамбұлдамын", – деп жазып, қонақ-үйінің бөлмесіне бөлме-турын жасады. 

2 тамызда Сәрсенбай Қотырашов әлемдік рекорд жасауды мақсат етіп, бүкіл әлем бойынша жаяу саяхаттауды бастады. Ендігі кезекте зейнеткер ғаламшарды айналып өткен ең қарт тұрғын ретінде танылуды жоспарлауда. Ол жаяу турының мерзімі шамамен екі жылға созылады деп жоспарлауда.