Тоқаев алдағы күндері іссапармен Қытайға барады
Мемлекет басшысы Қытайға барып, келіссөз жүргізеді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алдағы күндері Қытай Халық Республикасына іссапармен барады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.