Спорт

Боксшы Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады

Ол бокс кешін Қазақстанда өткізе алмай жүргеніне шағымданды

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Қанат бірнеше жылдан бері кәсіби бокс кештерін ұйымдастырушылар әртүрлі қиындықтарға тап болғанын, соның салдарынан ауқымды іс-шаралар үнемі бұзыла беретінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ztb.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Президенттен бокс кешін өткізуге қолдау көрсетуін сұрады. Спортшының айтуынша, Қазақстанда соңғы үш жылда бірде бір рет кәсіпқой бокс кеші өтпеген.

Ал желі қолданушылары болса Қанат Исламның бұл видеосына түрлі пікір білдірді.

"Қазақстанда бокстан басқа дым жоқ сияқты. Қиын болған екен. Жүдә, қиын болған екен", "Зейнетке кет, жастарға орын бер", " Неге қолдамасқа ,қазағым деп жанын салып жүрген бір азамат осы бала деп ойлаймын", Ұйымдастыру мәселесін Президент шешетін болған ба, етің тірі болып өзің келісімге кел адамдармен, президенттің не жұмысы бар?" - деп желі

дегі жұрт шуласты.