Жаңалықтар

Министр некесін тек мешітте қиятын жастар туралы сөз қозғады

Министр Қазақстан зайырлы ел екенін атап өтті.

Әділет министрі Азамат Есқараев еліміздегі некесін тек мешітте қиятын жастар туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Министр Қазақстан зайырлы ел екенін атап өтті.

"Біз заңды сақтауымыз керек. Некеге тұру үшін мемлекеттік органдарға жүгіну керек. Бұл некеге тұрған адамның құқығы мемлекет тарапынан қорғалуы үшін жасалады. Бұл тұрғыда, егер адам некені тіркемеген болса, онда ол тәуекелге барады. Қыздар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін ресми түрде тіркеу керек. Егер олар АХАЖ-ға барудан бас тартса, бұл көп сұрақ туғызады. Олар саналы жаста үйленеді. Неліктен адам өзінің қарым-қатынасын ресми түрде тіркегісі келмейтінін түсіну керек", - деді министр.