Бір әулет басқарып отырған ЖОО студенттердің гранттарын тартып алуда (ФОТО)
Арнайы конкурс бойынша жеңіп алған гранттарын университет басшылығы қайтадан қайтарып алмақшы.
Қонаев университетінің басшылығы бүтін бір отбасы. Иә, қате естімедіңіз. Ректор әкесі болса, қаржы жағынан ақылдасушы адамы - әйелі, ал проректор мен ректордың кеңесшісі - екі қызы. Олар үйде ғана емес, жұмыста да отбасы. Бұл туралы Qumash.kz телеграм каналы жазды.
Жеке университет болған соң, бұл құйтырқылық әрекет аса білінбеуде. Алайда Қонаевта оқитын студенттер арыз-шағымдарын тастауда. Арнайы конкурс бойынша жеңіп алған гранттарын университет басшылығы қайтадан қайтарып алмақшы.
Студенттердің қолында грант ұтып алғаны туралы айғақтайтын сертификаттары да бар.
Студенттер ұтып алған грантын тапсыруға қағаз толтыртып жатқанын айтты. Оған себеп, қордағы қаражаттың жетіспеушілігі екен.
Студенттер басқа университетке ауысып, я болмаса мүлдем шығып кетуге де тыйым салып отыр. Ондай жағдайда грантта оқыған барлық жылды төлейсіңдер деп шарт қойған.