Жаңалықтар

Министр ажырасудың көп таралған төрт себебін айтты

Отбасында әйел адамға құрмет ерекше болу керегін айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандықтардың ажырасуының ең көп тараған себебін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бірінші орында - маскүнемдік пен нашақорлық.

Екінші орында, ерлі-зайыптылардың бірінің құмар ойынға тәуелділігі.

Үшінші – тұрмыстық зорлық-зомбылық.

Төртіншісі – зинақорлық.

Бесінші – ерлі-зайыптылардың мінезінің үйлеспеуі.

"Барлық мәселелер отбасынан басталады. Бала осындай ортада өссе есейгенде әйеліне немесе жақын туыстарына күш көрсетуі мүмкін", - деді министр.

Отбасында әйел адамға құрмет ерекше болу керегін айтты.

"Әйелді сыйлаған еркек оған қол көтермейді. Бұл дәстүрлі отбасы құндылықтарының мәселелері. Осының барлығын түсіндіріп, сіңіріп жатырмыз, өйткені барлық мәселелердің басы отбасынан басталады. Біз, үлкендер, балаларды сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен өмір сүретіндей тәрбиелеуге жауапты болуымыз керек. Сондай-ақ агрессия жинамауымыз керек", - деді Балаева.