АҚШ-та Қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Қазақ азаматтығын амермкандыққа өзгерткен
АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
46 жастағы Руслан Маратұлы Асайынов Қазақстанда дүниеге келген, кейін азаматтығын американдыққа ауыстырып, Бруклинге қоныстанған. 2013 жылдың соңында ол кішкентай қызы мен әйелін тастап, Сирияда ИСИМ қатарында снайпер ретінде соғысуға кеткен.
2019 жылы Қазақстанның тумасы Сирияның солтүстігінде тұтқынға алынып, АҚШ-қа жеткізіліп, оған бес бап бойынша айып тағылды.
«Әлем темір тордың ар жағындағы Руслан Маратұлы Асайыновпен қауіпсіз бола түскені сөзсіз. Ол ДАИШ-ке қосылып, лаңкестік топтың атынан жосықсыз әрекеттер жасады және 100-ге жуық жаңадан келген снайперлерді өлтіруді үйретті деп мақтанған. Ол сондай-ақ федералдық түрме камерасының қабырғасын уақытша ISIS жалауымен безендіру арқылы өзін Ислам мемлекетімен біріктірді»,- деді HSI Нью-Йорктегі арнайы агенті Иван Дж. Арвело.