Египет Газа секторына гуманитарлық көмек жібермек
19 қазанға қараған түні Египет шекарадағы Рафах өткізу пунктінен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге дәліз ашатыны жөнінде жариялады.
Египет Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге дәліз ашатынын хабарлады. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдейді.
19 қазанға қараған түні Египет шекарадағы Рафах өткізу пунктінен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге дәліз ашатыны жөнінде жариялады.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Египеттің Газаға жүк көліктерін өткізуге келісім бергенін айтқан. Ол "егер көмекті ХАМАС тәркілесе не өткізбесе, онда мұның бәрі тоқтайды" деді.
Джо Байден гуманитарлық жүк көліктерінің алғашқы легі Газа секторына жұмадан соң өтуі мүмкін деген. Оған дейін жол жөнделеді дейді. Байден көмекті таратумен БҰҰ өкілдері айналысатынын айтты.