Түркістанда кәмелетке толмаған 15 қыз зорлыққа ұшырағаны рас па?
Облыстық Полиция департаментінің басшысы Facebook-парақшасында қауесетке сенбеу туралы халыққа үндеу жасады.
Түркістан облысында "кәмелет жасына толмаған 15 қыз зорлыққа ұшыраған" деген хабарламаға қатысты департамент пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Облыстық Полиция департаментінің басшысы Facebook-парақшасында қауесетке сенбеу туралы халыққа үндеу жасады.
"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіремін. Түркістан облысы Полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар, басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатырмыз. Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескертеді. Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын ", - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.