Жаңалықтар

Израиль білім министрлігі Газаны қолдаған белсендіні жазалады

Ал Израильдің Білім министрлігі Тунбергке қатысты кез келген сілтемені алып тастайтынын мәлімдеді.

Израильдің Білім министрлігі Палестина мен Газа секторының тұрғындарына қолдау көрсеткен белсендіні жазалады, деп хабарлайды, Taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеп.

Бұған дейін Грета Тунберг әлеуметтік желілерінде пікірлестерімен бірге "Палестинаға бостандық", "Газаны қолдаймыз", "Климаттық әділеттілік қазір орнасын" деген жазуы бар плакаттарды ұстаған фотосын жариялаған еді.

"Бүгін біз Палестина және Газа секторымен ынтымақтаса отырып, ереуілге шықтық. Дүниежүзі палестиналықтар мен зардап шеккен барлық бейбіт тұрғындар үшін әділдік пен бостандық сұрауы тиіс", – деп жазды экобелсенді.

Ал Израильдің Білім министрлігі Тунбергке қатысты кез келген сілтемені алып тастайтынын мәлімдеді.

"Бұл лауазым оны моральдық және тәрбиелік құндылықтар тұрғысынан үлгі болу құқығынан айырады. Бұдан былай ол израильдік студенттерге тәлім-тәрбие бере алмайды", – деді министрлік.

Грета Тунберг 2018 жылы 15 жасында Швеция парламентінің алдында наразылық білдіріп, әділдік талап еткеннен кейін бүкіл әлемге танымал болды. 2019 жылы 9-сыныпты бітіргеннен кейін ол БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитінің ашылуында сөз сөйлеп, саясаткерлерден экологиялық апаттың алдын алу үшін шұғыл әрекет етуді сұрады.

"Бос сөздеріңізбен менің арманымды, балалық шағымды ұрлап кеттіңіздер. Жаппай жойылу басталды, бірақ сіздер тек ақша мен шексіз экономикалық өсу туралы ертегі айтасыздар", – деді ол.