25 қазан - Республика күніне 25 факт
Taulik.kz сайты Республика күні туралы қызықты мәліметтер жинады.
13 жылдан кейін қайта жаңғырған 25-қазан қазақстандықтар үшін атаулы күн. Ел боламыз деп егемендікке ие болдық, талан-таражға салынған әр тағдырды тоғыстыру үшін тәуелсіздік алдық. Бөлек мемлекет атандық. Республика болдық. Неге дүркіретіп тойламасқа?
2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен бұл күн мерекелер тізімінен алынып қалды. Араға он үш жыл салып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күніне бір дем бергендей.
«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Taulik.kz сайты Республика күні туралы қызықты мәліметтер жинады.
25-Қазан туралы 25 Факт:
- Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам: 1990 жылы 25 Қазан декларация қабылданды
- Егемендік жолында күрескен батырларға тағзым жасалатын қасиетті күн
- Қазақстан мемлекетінің маңызды әрі ұлттық мерекесі
- Конституциямыздың дүниеге келуіне бірден-бір себепкер дата.
- 2009 жылы ұлттық мерекелер тізімінен алынып тастады
- 2022 жылы қайта енгізілді
- Қазақстан халқы бұл күні жұмыстан босатылады.
- Мемлекеттік мекемелерде Республика күні міндетті түрде тойлануы керек.
- 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті.
- Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.
- Бұл күні белсенді қоғамдық қызметімен танымал азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталады.
- Ұлттық спорт түрінен сайыстар мен түрлі жарыстар өткізіледі.
- Мерекеге орай, концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар ұйымдастырылады.
- Үлкен қалаларда отшашу ұйымдастырылуы мүмкін.
- Қазақстан халқы үшін бұл күн тек демалыс емес, рухани маңызды күн.
- Мектептерде мерекеге байланысты түрлі эссе, шығарма, жоба аясында жарыстар өтеді.
- Қоғам белсенділері, депутаттар, әкімдер ғана емес, барша халық өз дастарханында егемендікке шүкір етіп, елінің үздіксіз дамуын іштей тілеп, сырттай орындайтын күн.
- Биыл мереке сәрсенбінің сәтті күніне түсіп тұр.
- Тәуелсіздік күні мен Республика күнінің айырмашылығы көп. Тәуелсіздікті 16 желтоқсан күні алсақ, 25 қазан декларациясы қабылданды.
- Республика күнін қоғам ұлт ұландарына тағзым күні деп те атайды.
- Ұлттық мереке кезінде мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде ресми іс-шара өткізілуі тиіс. Ал мемлекеттік мереке күні ресми шара өткізу міндеттелмейді.
- 13 жылдан кейін қайта ұлттық мереке маңызын алған бұл күн халықтың әлеуметтік желідегі ықпалынан десе де болады.
- «Тәуелсіздік күні халық желтоқсан құрбандарын еске алып, күн түнеріп, мереке тыныш өтеді. Ал Республика күні барынша көңілді өтуі керек». Бұл халықтың әлеуметтік желідегі пікірлері.
- 25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ақтановтың туған күні.
- Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Нұрмұхамбетқызы МОЛДАҒҰЛОВА дүниеге келді.