Жаңалықтар

Халық Лакшми Митталды соттауға петицияға қол жинауды бастады

Петиция авторлары шахтерлардың өлімі бірінші рет емес екенін, 15 жылда қаншама рет болғанын еске салды.

Қазақстанда “AрселорМиттал Tеміртау” (AMT) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

 

Петиция авторлары шахтерлардың өлімі бірінші рет емес екенін, 15 жылда қаншама рет болғанын еске салды. 

“Біз, петицияға қол қойған азаматтар, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қожайыны Лакшми Миттал мен менеджері Палаватха Кришнанның қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрекетсіздікке барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз! Сондай-ақ компаниядағы еңбек жағдайын тексеруі тиіс мемлекеттік қызметкерлерді де естен шығармау керек!”, – делінген құжатта.