50 млн теңге пара: Әлтаев өзіне тағылған айыпты мойындамады
Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты “сандырақ” деп атады.
Елордада бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың алдын ала соты басталды. Нұржан Әлтаев “аса ірі мөлшерде пара алды”деген күдікпен биыл маусымда қамауға алынған.
Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты
Прркурор сотталушының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған” деген күдік барын айтты.
Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты “сандырақ” деп атады.