Жаңалықтар

Үй жағдайында іш өтуді қалай тез тоқтатамыз?

Назарларыңызға іш өткенде дәрі іздемей-ақ үй жағдайында емделудің жолдарын ұсынамыз.

Сіз қандай жағдайларда іш өтетінін білесіз бе? Тамақтан не химиялық дәрілерден уланғанда, ішектің вирустық қабынуында, бактерия жұққанда, жұқпалы қоздырғыштардан, ішек жолдарының өспелерінен тағы да басқа әртүрлі себептерден іш өтеді. Ал оның көптеген емделу жолы бар. Назарларыңызға іш өткенде дәрі іздемей-ақ үй жағдайында емделудің жолдарын ұсынамыз.

1. Асқазан тамақты дұрыс қорыта алмай, іш өткен жағдайда мына емді қолданып көріңіз. Қойдың сүйегін өртеп, күлін ұнтақтаңыз. Қайнаған сумен күніне 3 рет шамамен 12 грам ішіңіз.

2. Қою қара шайға бал қосып ішу керек.

3. Бір кесе күрішті тұзсыз суға қайнатып бұқтырады. Күніне бір мезгіл жеу керек. Емделу мерзімі 3-5 күн.

4. Іш тоқтамай өткен кезде еменнің қабығын талқандап, бір кесе қайнаған суға салып, оған 1 шай қасық тұз қосып бір сағаттай демдеу керек. Дәрі дайын. Осы дәріні әр 2 сағатта ас қасықпен ішеді. Келесі күні іштің өтуі тыйылады.

5. 1-2 жасар баланың іші тоқтамай өтіп ешбір дәрі көмектеспесе, жаңадан туған 3 жұмыртқаның ақуызын пісекпен сорып алып, түтікше арқылы тік ішекке жіберсе, іштің өтуі сап тыйылады.

6. 3 жастағы баланың іші өтіп тоқтамаса, 1 кесе күрішті тазалап жуып, 3 литр суға 20-30  минут қайнатады. Тұндырады. Жылытады. Дәрі дайын. Осы дәріні жылылай тамақтың алдында жарты кеседен ішкізсе, үшінші күні іші тыйылады. Емдеу мерзімі 3-5 күн.

7. Көкемарал (душица) гүлінен 10 гр алып 300 гр суға қайнатып, демдеп, шай орнына ішкізеді. Осы әдіспен емдеуді таңертең бастаса, кешке қарай іштің өтуі тоқтайды.

8. Мойыл (черемуха) дәнінен 1 ас қасық алып, 1 шәугім суға 3-4 минуттай қайнатып 10 күн ішкізсе, іштің өтуі сап тыйылады.

9. Құлқайыр (құлан қурай) гүлінен 1 ас қасық алып, көк шай демдейтін кішкентай шәйнекке шай сияқты қайнатып, демдеп ішкізеді. Бұл емдеу әдістерінің қай-қайсысы да баланың денсаулығына зиянын тигізбейді.

Емдік тағамдар ретінде кепкен (қатқан) нанды талқандап жегізу керек және қою қара шай, сүтсіз кофе әлде какао берген абзал.