Елдегі киік мүйізі Қытайға сатылмақ
Экология министрлігінің басшысы ведомство шенеуніктері ақбөкендердің мүйіздерін сатуға рұқсат алу үшін Швейцарияға аттанғанын айтты.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан ақбөкендердің мүйізін Шығыс елдеріне сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Жақында Экология министрлігі Қазақстандағы ақбөкендердің саны аулау мен ату арқылы реттелетінін хабарлады. Шенеуніктереліміз киік етін сатумен заңды түрде айналысатынын атап өтті.
Алайда ақбөкендердің мүйізін сатуға қатысты ештеңе айтылмаған болатын. Ulysmedia.kz тілшісі көптің көкейіндегі осы мәселенің анық-қанығын ведомство басшысынан сұрауды жөн көрді.
Сұрақ қоя отырып, біз желіде мүйіздер уақыт өте келе Қытайға экспорттала бастайды деген пікір тарағанын, өйткені шығыстағы көршіміз киелі аңның мүйізін дәрі-дәрмек өндірісінде белсенді пайдаланатынын атап өттік.
Министр мұны растады. Оның айтуынша, мүйіздер қазір сатылмайды, өйткені бұған CITES – 1973 жылы Вашингтонда өткен Халықаралық табиғатты қорғау одағының қарары нәтижесінде қол қойылған халықаралық үкіметтік келісім бойынша тыйым салынған.
"Ақбөкендердің мүйіздері дәстүрлі түрде Шығыс елдеріндегі фармацевтиканың құрамдас бөлігі болып табылады, негізінен Қытайда. Бүгінгі таңда оларды экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ, өйткені CITES халықаралық ұйымы жануарлардың жекелеген түрлері, соның ішінде ақбөкендердің бөлшектері мен дериваттарын экспорттауға тыйым салды", — деді ол.
Экология министрлігінің басшысы ведомство шенеуніктері ақбөкендердің мүйіздерін сатуға рұқсат алу үшін Швейцарияға аттанғанын айтты. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарлануда.
"Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Комитет төрағасының орынбасары қазір Женевада, CITES-тің жануарлар дүниесі комитетінде жүр. Онда ақбөкендердің дене бөліктері мен дериваттарын экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі талқылануда, – деді Нысанбаев.