Жаңалықтар

Жаңа әдіс: Декреттік төлемді қалай есептейміз?

Төлемнің көлемі жалақыңызға тікелей байланысты.

Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының өсуіне байланысты декреттік төлем де өзгерді.  «Кursiv.kz» декреттік төлемді есептеп, рәсімдеудің жолдарын көрсетті, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Жүкті және босанған әйелдерге берілетін төлемнің үш түрі бар:

  • босанғанға дейін берілетін жәрдемақы;
  • босанған соң берілетін жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанша берілетін жәрдемақы.

Жәрдемақының биылғы мөлшері, үш балаға дейін – 121 100, төртіншіден әрі қарай – 217350 теңге төленеді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін бұл жәрдемақы бәріне бірдей және бір-ақ рет берілетінін есте ұстаңыз. Бала бір жарым жасқа келгенше берілетін жәрдемақының көлемі жұмыссыз және жұмыстан уақытша демалыс алаған әйелдер үшін әртүрлі.

Декреттік  төлемді қалай есептейміз?

Төлемнің көлемі жалақыңызға тікелей байланысты. Бұл ретте 1 жылдағы табысыңыз есепке алынады. Жұмысқа жарамсыздық парағы 123 күнге берілсе, коэффициент мынадай болады:

126/30=4.2

4.2х200=840

840-10%=756

Әйелдердің декретке шыққанға дейінгі орташа айлық мөлшері 200 мың тг. Коэффициент 4,2. Сонда әйелдің декреттік төлемі 840 мың болады, одан 10 пайыз мөлшерінде ұсталатын зейнетақы жарнасын алып тастағанда қолына 756 мың теңге алады деген сөз.

Бала бір жарым жасқа келгенше берілетін жәрдемақыны қалай алады?

Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған немесе жұмыс істейтін әйелдерге 18 ай бойы жалақысына байланысты аударылыпы отырады. Декерттік демалысқа үш жылға шықсаңыз да, жәрдемақыны бір жарым жылдан кейін  тоқтайды. Кейін қалауыңыз бойынша жұмысқа шыға аласыз немесе ақысыз демалыста отырасыз.

Мысалы, соңғы екі жылдың біріншісінде айлығыңыз 150 мың теңге, екінші жылы 200 теңге делік. Оны басқаша есептейсіз. Кейін алынған соманы 24 айға бөлесіз. 175 мың – табыстың орташа айлық көрсеткіші. Одан соң бұл көрсеткішті 0,4 коэффициентке көбейтіп, 10 пайызын алғанда 63 мың теңгеге шығады. Демек, балаңыз бірге келгенше сізге осынша қаражат түсіп тұрады.

Формуласы: 12х150 000+12х200 000=1 800 000

                      1 800 000+2 400 000=4 200 00

                      4 200 000/24=175 000

                     175 000х0,4=70 000х10%=63 000

Үй шаруасындағы әйелдерге қанша төленеді?

Егер ешқандай әлеуметтік аударым жасамаған болсаңыз, бекітілген төлем алып отырасыз.

2023 жылы:

  • бір балаға – 19 872
  • екінші балаға – 23 495
  • үшінші балаға – 27 083
  • төртіншіден асса – 30 705 теңге беріледі.