Жаңалықтар

Параны саяжай түрінде алған: Астана басқарма басшысы қамалды

Сот шенеунікті тұтқындау жөнінде шешім қабылдады.

Тергеу барысында шенеуніктің пара алғаны анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы не үшін ұсталғанын айтып берді.

– Шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түрінде үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл пара Астананың кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жеткізушіні айқындау кезінде жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін алынған, – деді Тілеукенов.

Сот шенеунікті тұтқындау жөнінде шешім қабылдады.

Бұған дейін Астанада отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болған еді.