Рак ауруы қандай адамдарда кездеседі? - Онколог жауап берді
Онкопсихолог рак ауруына тап болған әйелдердің мінез-құлқын суреттеп берді.
Жыл сайын онкологиямен ауыратындардың саны артып келеді. Бұл туралы “Ел арна” арнасында көрсетілетін “Майшам” подкастында тереңірек талқыланды.
“Майшам” подкастында дәрігер-онколог Әбдіғалиев Құл-Мұхаммед бұл дертке қатысты толық ақпарат беріп, бұрын-соңды болмаған деректерді айтып берді.
Оның айтуынша, онкология бүгін пайда болған жоқ. Бұрыннан бар. Тек сол ауруды айтатын адамдар көбейді. Мәселен, қор ашып жан-жаққа тарататындар да осы қатарға жатады дегенге келтіреді.
Студия қонағы, онкопсихолог Индира Әшімхан рак ауруына тап болған әйелдердің мінез-құлқын суреттеп берді.
“Үнемі жайдары, көңілді боп жүретін жандар онкологияға шалынбайды десе, керісінше, үнемі қабағы қатулы, көңіл-күйі төмен боп жүретін адамдар рак ауруына шалдығады деп жазып кеткен деректер бар.”
Айтуынша, рак ауруы қазір “маркетингке” айналып кетті
Қазіргі таңда медицина 35-40 жастағы адамдарды скринингтен өткізеді. Бұл бір жағынан, әрине, дұрыс. Ал екінші жағынан қарасақ, кейбір анализдердің дұрыс шықпауынан әйел адамдар қайғырып, өз-өздерін өлімге итермелейді.