Жаңалықтар

Анасы ұрып-соққан 7 жастағы қыз ауруханаға түсті

Облыстық полицияның мәліметінше, 23 қарашада Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлаған.

Полиция "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Петропавлда жеті жасар қызды анасы мен өгей әкесі теріс қылығы үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Облыстық полицияның мәліметінше, 23 қарашада Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлаған.

«Факті Петропавл қалалық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тіркелді. Қыз бала облыстық балалар ауруханасы жатқызылды» делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанның жарақатына оның 26 ​​жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі себеп болғанын анықтады. Олар өз кінәларын мойындамай, болған жайтты «баланың жаман қылығы» үшін деп түсіндірді.

Істің барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.