Жаңалықтар

Қарағандыда дәрігерлер антибиотик салып науқасты өлтіріп алды

Дәрігерлер науқас ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салған.

Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Дәрігерлер науқас ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салған.

Облыстық клиникалық аурухана анафилактикалық шоктан жоспарлы ем алу кезінде науқас көз жұмғанын растап отыр.

«Науқасқа операция кезінде ықтимал асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық мақсатта цефтриаксон препараты тағайындалды. Науқастың аталған препаратқа аллергиясы бар екендігі туралы айтылғанын ескере отырып, клиника дәрігерлері аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету стандартының талаптарына сәйкес оны енгізер алдында теріішілік аллергиялық сынақ тағайындады. Ол теріс нәтиже көрсетті. Науқастың амбулаториялық картасында аллергиялық реакцияның болуы туралы деректер болған жоқ. Реанимация дәрігерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас қайтыс болды. Облыстық клиникалық аурухананың Денсаулық сақтау саласындағы НҚА талаптарына сәйкес дәрілік препаратты қолданудың жағымсыз салдары туралы ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығына хабарлама, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде өлім туралы шұғыл хабарлама жіберілді», деп түсіндірді Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы ұжымы.