Жауын-шашын, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде көктайғақ, жауын-шашын болады деп күтілуде
"Қазгидромет" РМК мамандары 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Таратылған хабарламада алдағы үш күнде циклонның ықпалында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілуде.
Мысалы, 24 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауады деп болжануда.
"Республика бойынша да жел күшейеді, тұман және көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Қорытындылай келе, метеорологтар температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін баса айтады.