"Сен бізді сатып кеттің, Путин!" – сириялық азамат
Сириядағы жағдай ушыға түсті. Путинді кінәлап жазаған Шадей есімді азамат Асадтың ең сенімді пропаганда өкілдерінің бірі болған.
Ateo Breaking телеграм арнасының жазуынша, Сирия президентінің ең жақын пропагандист адамдарының бірі "Путин сатып кетті" деп пікір қалдырып, жазба жариялған.
Сириядағы жағдай 2024 жылдың қараша айында да тұрақсыз күйінде қалып отыр. Елдің солтүстік-батысындағы Алеппо провинциясында «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) лаңкестік тобы үкімет бақылауындағы аймақтарға шабуыл жасап, нәтижесінде 130 адам қаза тапты.
Сонымен қатар, 11-12 қарашада Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге арналған халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды өтті. Бұл кездесуге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері, сондай-ақ Иордания, Ливан және Ирак делегациялары қатысты. Келіссөздер барысында Сириядағы гуманитарлық ахуал, инфрақұрылымды қалпына келтіру және терроризммен күрес мәселелері талқыланды.