Астаналық мектеп оқушысы Сочиде өткен халықаралық олимпиадада қола медаль жеңіп алды.
Жаратылыстану бағыты бойынша өткен додада 9-сынып оқушысы, «NURORDA» мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі Тимур Алпысбаев қола жүлдеге ие болды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 6 медаль қанжығасына байлады.