Жаңалықтар

Неге Батыс санкциялары Путинді тоқтатып, Ресейді құлата алмады?

Неге Батыс санкциялары Путинді тоқтатып, Ресейді құлата алмады?

Ресей бір жылға жуық уақыт бойы батыстың есепсіз санкциясының астында өмір сүріп келеді. Алайда Кремльдің соғысты жалғастыруға ақшасы бітпейді, әскері әлі де украиналықтарды өлтіріп, жерлерін басып алып жатыр. Не үшін санкция о баста ойластырғандай нәтижесін бермей жатыр және бұл агрессорды сабасына түсіруге қабілетті ме? BBC дайындаған зерттеу материалды қазақ тілінде назарларыңызға ұсынып отырмыз. Қаржы, сауда және жекелеген санкцияларды 40-тан астам ел енгізді: АҚШ-тан бастап ЕО, Оңтүстік Корея, Швейцария және Албания. Батыс Ресейдің валюта резервтерін қатырып, бай ресейліктердің яхталары мен мүліктерін тұтқындады, мемлекеттік банктерді әлемдік қаржы жүйесінен алып тастады, Ресейден мұнай мен көмір сатып алудан бас тартты, оған жабдықтар, технологиялар мен сәнді заттарды сатуға тыйым салды. Ресей шеттетілген елге айналды. Ол өз тауарларын сатудың ең бай нарықтарынан айырылды, батыстық несиелерсіз, мамандарсыз, инвестицияларсыз және технологияларсыз қалды. Санкциялардың мақсаты – Ресейдің кірісін азайту және президент Владимир Путинді таңдау алдында қою: орыстардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне немесе екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең үлкен жаулап алу соғысын жалғастыруға ақша жұмсау. Путин бірінші жолды таңдаған күннің өзінде, санкциялар сақталады және Ресейдің жылдар бойы дамуын тежейтін болады. Неліктен Ресей экономикасы санкциялардың қысымымен құлаған жоқ? Себебі Кремль санкцияларға дайын болды, содан кейін экономикалық саясаттағы өрескел қателіктерден аулақ болды және энергетикалық дағдарыстан ақша тапты. Себебі санкциялар бірте-бірте енгізілді.
«Ресей – кедей адамдардың бай елі. Ол соғысқа жақсы қаржылық түрде келді, ол дайындалды», - деді Чикаго университетінің экономисі Константин Сонин.
Кремль қауіпсіздік жастығын жинады, тіпті бір жылдық соғыстан кейін де оның қалдықтары бір жыл, тіпті екі жыл ішінде бюджеттегі саңылауды қаржыландыруға жеткілікті. «Санкциялар енгізілген кезде қазынада әлі де қосымша ақша болған, ал валюта ағыны оған деген қажеттіліктен асып түсті. Мұндай жағдайда Ресейге қарсы енгізілген санкциялармен қаржылық дағдарысты тудыру, резервті тоқтату және экспортқа эмбаргосыз импортты шектеу мүмкін емес», - деді Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің экономисі Олег Ицхоки.
«Дүрбелең мен қаржылық дағдарысты тоқтату қиын болған жоқ, өйткені фундаменталды талап о баста осылай болған. Неге? Себебі қарапайым: елге еуро мен доллар үлкен көлемде ағыла берді», - деді Ицхоки Американың экономикалық ассоциациясының конференциясында.
Ицхоки мынандай статистика келтіреді: егер басқа жылдағы кезеңдерде шикізат экспортынан түсетін пайда 40%-дан аспаған болса, 2022 жылы ол көрсеткіш 60%-ға дейін көтеріліп кеткен.
«Егер санкцияның басты мақсаты Ресейде үлкен көлемде қаржылық дағдарыс жасап, соғысты қаржыландыруға деген мүмкіндіктен айыру болса, онда ол орындалған жоқ», - дейді ол.
«Санкция – ұзақ уақыттың ойыны», - деді Ицхоки. Санкция соғысты тоқтата ала ма? Санкция әсері әр ай сайын салынып, дамып отырады деп түсіндіреді экономист Владислав Иноземцев. Алайда Ресейдің Украинаға деген агрессиясын тоқтата алмайды. «Санкция жариялана салған кезде емес, кем дегенде жарты жылдан кейін ғана өзінің әсерін береді. 2023 жылдың соңына қарай бұл анық сезіледі», - деді ол.
«Санкция Путиннің саясатын өзгерте алмайды. Бәлкім, Ресей экономикасы құлайтын болар, бірақ бұл Путиннің Украинаны зымыранмен атқылауын, қару қолдануын тоқтата алмайды», - дейді Иноземцев.
Соғысты қаржыландыруға ақша таусылды деген күннің өзінде, соғыс деп бөлген бюджетте арнайы қорғауға алынған бап бар. Ал әзірге ақша бітпейді: Ресей тұрақтандыру қорынан бөлек те ақша тауып жатыр.
«Санкция дегеніміз сиқыр емес қой. Ол тек соғысты қаржыландыруға кететін жолды кеседі, бірақ кесе алмай жатыр, - дейді Ицхоки. – Ресей мұнайын, газын сатып жатқан шақта, оның ІЖӨ-і құламайды және бюджетпен де бәрі жақсы болады».