logo
search
menu

Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды

Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды
25 ақпан, 2023
Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркияның Кония провинциясындағы ауылдардың бірінде кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Taulik.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

    Карапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында шұңқыр пайда болды. Оның неден пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыстың олар үшін қалыпты жағдай екенін, тек ауылға алғаш рет келгендерді таңғалдыратынын айтып отыр.

    Кония Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырлы кезеңдерден кейін шұңқырлардың пайда болуының арта түсетінін айтты. Онымен қоса таяуда болған ірі зілзала топырақта шұңқырлардың пайда болуының бір факторы болуы мүмкін.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы