Мәзір
19 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Арақтан бас тартқан ауыл сайлау күні жұртты таң қалдырды

Арақтан бас тартқан ауыл сайлау күні жұртты таң қалдырды

Арақтан бас тартқан ауыл сайлау күні жұртты таң қалдырды Арақтан бас тартқан ауыл сайлау күні жұртты таң қалдырды
ашық дереккөзі
Бүгінгі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына Маңғыстау облысы Баянды ауылының тұрғындары ұлттық киіммен келгендігін деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.  Айта кетейік, бір ай бұрын ауыл халқы арақтан толықтай бас тартқан болатын. Халық саны 8 мыңнан астам мекеннің ұйымшыл тұрғындары бүгінгі сайлауға ұлттық нақышта киініп келіп, жұртты тағы да таңғалдырды. Бұл жайлы ауылдағы әжелер кеңесінің төрағасы Ақкүміс Дүйсенбаева: «Қараңыздаршы, қандай әдемі! Бәріне киімдері жарасып тұр», – деп, ауыл әйелдерінің бұл игілікті ісін қолдау білдіргенін жеткізді. Сондай-ақ ауыл әкімі Дастан Мұраталиев: «Ұлттық болмысымызды сақтап қалу – ұлттық тәрбиеден басталады. Осыдан 1 ай бұрын ішімдіктен бас тарттық. Атқарушы билік, құқық қорғау органдары мен ауыл кәсіпкерлері ішімдік сатуға және сатып алуға жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам қылмыстың азаюына көмектеседі деп үміттенеміз. Қазір ауыл тыныш. Жастар пайдалы істермен айналысып жатыр», – деді. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауылға таңдай қақпасқа болмас. Бүгінгі сайлауда да ауыл тұрғындары қос сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап жатыр. Ескерте кетейік, ауылда 4 406 сайлаушы тіркелген.

Апта талқысында: