Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған, деп хабарлады Taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында
22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді.
Ол Астана қаласы ПД-нің УҰИ-на қамалды.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.