2030 жылы қасиетті Ораза айы бір жылда екі рет келеді

2030 жылы қасиетті Ораза айы бір жылда екі рет келеді

ашық дереккөзі

Ораза мұсылмандар үшін қашан міндетті болды? Мұсылман өмірінде қанша жыл ораза ұстайды? Ал қай жылы Рамазан екі рет келеді, бұл туралы Taulik.kz сайты islam-today-ге сілтеме жасап жазады. 1. Ораза хижраның екінші жылында міндетті болды. Аятты жібергеннен кейін: تَتَّقُونَ لَعَلَّكُمْ قَبْلِكُمْ مِن الَّذِينَ عَلَى كُتِبَ كَمَا الصِّيَامُ عَلَيْكُمُ كُتِبَ آمَنُواْ الَّذِينَ أَيُّهَا يَا «Ей, иман келтіргендер, сендерден бұрынғы үмметтерге ораза ұстауды бұйырғанындай, Алла сендерге де оразаны парыз етті. Бәлкім, тақуалықтарың арта түсер». (Бақара, 183) Ораза Исламның тірегіне айналып, барша мұсылмандарға парыз етілді. 2. Мұхаммед Пайғамбардан (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлар нәпіл ораза ұстаған. Олардың әрқайсысының өз оразасы болды:

  • Нұх (ғ.с.) күн сайын ораза ұстайтын және тек мереке күндері ғана тамақтанатын.
  • Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) екі күн сайын ораза ұстайтын.
  • Иса (ғ.с.) тек күндіз ғана ораза ұстаған.
  • Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әр айда үш күн ораза ұстайтын.
3. Алла Тағала Мұса Пайғамбарға (с.ғ.с.) ашқан аянында Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) үмбетіне Рамазан айын беретінін хабарлады. Мүміндер ашығып, шөлдесе де, Аллаға құлшылық етуге қуанса, сабырлықтарының сауабы мәңгілік дүниеде Алланың жүзін көру мүмкіндігіне ие болады. 4. Мұсылмандарда арасында ораза ұстаудың айрықша ерекшелігі – сәресінің болуы. Еврейлер мен христиандарда оразаларында таң атқанға дейін ас ішу рәсімі болмаған. 5. Мұсылман адам ораза кезінде ұмытшақтықтан бірдеңе жеп немесе ішсе, оның оразасы бұзылмайды, оны жалғастыра алады. Оны тамақтандырған да, суарған да Алла деп есептейді. 6. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) көзі тірісінде Рамазан айының тоғыз оразасын ұстаған. Мұсылман адам өмірінің 70 жылында Рамазанда шамамен 57 рет ораза ұстайды (егер ол жыл сайын физикалық тұрғыда ұстай алатын болса), бұл 1710 күн, яғни 4 жыл 7 ай. 7. Исландиядағы мұсылмандар ең ұзақ ораза ұстайды, ал ең қысқа ораза Австралияда. 8. Соңғы 33 жылдағы ең ұзағы 2016 жылғы ораза болды. 9. 2030 жылы бір жылда екі Рамазан болады. Біріншісі 6 қаңтарда, екіншісі 26 желтоқсанда басталады. 10. Қасиетті айда мұсылмандардың көбі ораза ұстағанына қарамастан, мұсылман елдерінде Рамазан айында азық-түлік тұтыну 20% - ға артады.

Loading...